Наши партнеры
Аударма қызметтері
Ағылшын тілінен аударма және ағылшын тіліне аударма

Жаһандану үрдісі, ДСҰ кіру, халықаралық қызметтестікті дамыту сіздің бизнесіңізді құру және күшейту үшін кең мүмкіндіктер ашып отыр. Осы тұрғыда ағылшын тілі іскерлік ортадағы қарым-қатынастың негізгі құралы болып отыр. Жаңа өткізу нарықтарын игеру, іскерлік байланыстарды дамыту және нығайту, жаңа технологияларға қолжетімділікті арттыру – мұның барлығына ағылшын тілін сауатты әрі жетік білу арқылы қол жеткізуге болады. Мінсіз және кәсіби аударма сіздің табысыңыздың кепілі екенін есте сақтағаныңыз жөн. Ал сауатсыз аударылған аударманың сіздің кәсіби деңгейінің төмендігін, тіпті білімсіздігіңіздің немесе Сіздің тікелей клиенттеріңізге немқұрайлылығыңыздың белгісі, тіпті оның тілектері мен қажеттілігін сыйламауыңызды білдіруі мүмкін. Егер сіз өз компанияңызды, тауарларыңыз бен қызметтеріңізді жоғары деңгейде көрсеткіңіз келсе, кәсіби мамандар көмегін пайдаланғаныңыз жөн. INSEL компаниясы бизнес әлеміндегі сіздің тұрақты әрі сенімді серіктесіңіз болады. Бізге сенім артыңыз да, тіл тосқауылынан именбей, халықаралық нарыққа емін-еркін кіріңіз.

whatsapp