Наши партнеры
Аударма қызметтері
Орыс тілінен қазақ тіліне аударма және қазақ тілінен орыс тіліне аударма

Бүгінгі таңда мемлекеттік тіл проблемасы ұлт деңгейінде толғандырар мәселелердің біріне айналған. Құжаттарды мемлекеттік тілге аудару тек қажетілік емес, сонымен қатар заң талабы. Тіл проблемасының бір аспектісі оның сапасы мен қолданылу деңгейінде. Дүние жүзі тамсанып оқитын Абай жырлаған қазақ тілі өте бай әрі әдемі. Алайда, біз күнделікті тұрмыста қолданатын тіл, ресми тілден де, әдеби тілден де өте алыс. Өкінішке орай, қазір тұрмыста қолданылатын қарабайыр, жалпақ тілдегі сөздер мен диалектілер жоғары деңгейлердегі құжаттарда да, ресми басылымдарда да, тіпті салиқалы компаниялардың ресми сайттарында да көптеп байқалады.

Қазақ тіліне кәсіби аудару жоғары кәсіпқойлықты, сөз байлығын және арнайы жоғары білімді қажет етеді.

Қазақ тілінің аудармашылары (басқа тілдердің аудармашылары да) қаржы, техника, медицина және басқа сала бағыттарындағы аудармалар бойынша маманданған.

Сонымен қатар біздің компаниямызда әдеби аудармамен шұғылданатын қызметкерлеріміз бар, олардың еңбектері еліміздің ұлттық телеарналарының қазынасына айналған.

Қазіргі таңда орыс тілінен қазақ тіліне бағдарламалық жасақтаманың (Microsoft Office, CAD қосымшалары) аудармасын, сайттардың аудармасын және оларды жергіліктендіруді, күрделі мануалдардың және техникалық маманданымдардың аудармасын, беттеудің және анимацияның заманауи бағдарламаларын әлем тілдерінен қазақ тіліне аудармасын қамтитын АТ-аудармалар барған сайын сұранысқа ие болып келеді.

Қазақ тілінен қытай тіліне аудармалар сирек болса да сұранысқа ие болып келе жатыр, біздің мамандарымыз оны жетік меңгерген. Қытай тілінің аудармашылары бірнеше жылдар бойы Қытай елінің астанасында жоғары білім алып, біліктілігін шыңдаған.

Сөзімізді қорытындылай келе, айтарымыз, егер сізге сауатты әрі сапалы аудармалар қысқа уақыт ішінде қажет болса, біз сізге қызмет көрсетуге әрқашан дайынбыз!

whatsapp